Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп шәкірттерімен мақтанады!
29
қараша
2022
Мектеп шәкірттерімен мақтанады!
Мектебіміздің  5 ”А” сынып оқушысы Ибадуллаева Сафия Астана қаласында өткізілген “Art festival” байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Жеңісін құтты болсын!
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық байқауы
28
қараша
2022
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық
Алатау ауданы, N149 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық байқауына 1 «Ғ» сынып оқушысы Абзелбек Інжу Даниярқызы қатысты. Байқауға Алатау ауданы бойынша 22 мектеп қатысып, қатысқан мектептер арасынан Абзелбек Інжу Даниярқызы жүлделі II орын иегері атанды. Жетекшісі: педагог-сарапшы Курманбаева Гулдархан Ибраймовна.  
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық байқауы
28
қараша
2022
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық
Алатау ауданы, N149 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудан аралық байқауына 3 «Ж» сынып оқушысы Зәріпхан Еркем қатысты. Байқауға Алатау ауданы бойынша 24 мектеп қатысып, қатысқан мектептер арасынан Зәріпхан Еркем әртістік қабілетімен, сөзге шешендігімен, алғырлығымен көзге түсті. Жетекшісі: педагог-сарапшы Абишева Акжаркын Серикбековна.  
"Алтын Тұғыр" математикалық олимпиадасы
28
қараша
2022
"Алтын Тұғыр" математикалық олимпиадасы
Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық "Алтын Тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық байқауына Ережепова Назерке Иманмадиовна қатысып жүлделі І орын иегері атанды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық "Алтын Тұғыр" математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен ІІ орын иегері атанып, Дипломмен марапатталды.
“Білім және мансап 2022” XXI Қазақстандық халықаралық көрме
24
қараша
2022
“Білім және мансап 2022” XXI Қазақстандық халықаралық көрме
2022 жылы 24 қарараша күні 11 сынып оқушылар “Атакент- Экспо” компаниясы ұйымдастырған “Білім және мансап 2022” XXI Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты.
Аудандық көшбасшы лидер байқауы
23
қараша
2022
Аудандық көшбасшы лидер байқауы
Алматы қаласы, Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектеп көшбасшылары 10 "Б"сынып оқушысы Махаметов Али және 10 "В"сынып оқушылары Қапатай Естай аудандық көшбасшы лидер байқауы слетқа қатысып, қалалық слетқа жолдама алды. Жеңіс бар жерде жеңіліс те болады, демекші оқушыларымыз белсенді қатысып мақтау қағазымен марапатталды.
Түсіндірме жиналыс сағаты
22
қараша
2022
Түсіндірме жиналыс сағаты
Алматы қаласы,Алатау ауданы №149жалпы білім беретін мектебінде 5-6сынып оқушыларына Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Индира Рахымбердина және Дарын Оразбекұлы  түсіндірме жиналыс сағатын өткізді. Мақсаты:Оқушыларға мектеп ішінде тәртіп сақтап жүруге,мектеп тазалығын сақтауға, құрметтеуге,бұзақылық іс-әрекеттерге бармауға кеңес беріп өтті.
“Алатау кубогы” қалалық волейбол турнирі
17
қараша
2022
“Алатау кубогы” қалалық волейбол турнирі
Алатау ауданы 149 ЖББ мектепте 5 қараша күні Алатау аудана ардагерлер ұйымы мүшелерінің ұымдастыруымен “Желтоқсан 1986” көтерілісіне арналған дәстүрлі “Алатау кубогы” қалалық волейбол турнирі өткізілді. Бұл турнирге Алатау ауданының әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы келіп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіліп, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, волейбол турнирін өткізуге үлес қосқаны үшін Мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы, ДТІЖО Ерлан Серікұлы, ДШІЖО Қайнарбек
"Мұхтар Шахановтың таңдамалы шығармалары"
16
қараша
2022
"Мұхтар Шахановтың таңдамалы шығармалары"
2022-2023 жылы оқу жылында Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына  бастауыш сынып оқушылары "100 кітап" жобасы аясынды "Мұхтар Шахановтың таңдамалы шығармалары"  тақырыбында іс-шара өткізілді. Оқушылар Мұхтар Шахановтың   өмірлік тәжірибесі мен шығармашылығының даму жолдарымен танысып өтті. Оқушылар бар ынтасымен қатысып, жаңа сезімдерімен бөлісіп шығармашылық ән кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  
1 сыныптар аяасында өткен "Ертегілер елінде" атты аудандық байқаудың II орын иегері
11
қараша
2022
1 сыныптар аяасында өткен "Ертегілер елінде" атты аудандық байқаудың
Алатау ауданы "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы "Үздік оқырман" байқауының  1 сыныптар аяасында өткен "Ертегілер елінде" атты аудандық байқаудың II орын иегері  № 149 ЖББ мектептің 1  сынып оқушысы  Абзалбек Інжу. Інжуге бұдан да биік белестерден көріне бер демекпіз!