14
маусым
2021
8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні.
8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні. Осыған орай Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектепте осынау атаулы күнге ойластырылған іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар осылайша бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғам назарын аударуды көздейді.Осы тұста қандай қадамдар жасалмақ?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні шеңберінде жыл сайын «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.
Балалар еңбегін пайдалану мәселесі әлемдік кеңістікте өте өзекті. Халықаралық еңбек ұйымының ақпараты бойынша бүкіл әлемде 5 пен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істеуге мәжбүр. 152 миллион қазіргі құлдықтың құрбаны, ал олардың 73 миллионы қауіпті еңбекпен айналысады.
Айта кету керек, Балалар еңбегін пайдалану фактілері біздің елімізде де байқалады. 2020 жылы еңбек инспекциялары балаларды еңбекке заңсыз тартудың 5 жағдайын анықтады.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Комитет үшін балалар еңбегін пайдаланудың бірлі-жарым жағдайларының болуы да өз жұмысын күшейтуді талап етеді.
Ағымдағы жылы Комитет «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» науқанының іс-шаралар жоспарын бекітті, онда балалық шақты қорғау және кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін заңды жағдай жасау көзделген.
