Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді
09
қазан
2021

"Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді

Алатау ауданы, №149 ЖББ Мектепте 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: "Кәмілеттік жасқа толмаған балалардың құқық бұзушылығынның алдын алу". Жиналысқа мектеп директоры; Шырынкүл Зейнуллақызы, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Индира Мейрамбекқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлпан Дәулетқызы, мектеп инспекторы және ата- аналар қатысты.
Жиналыстың мақсаты: Ата-ана мен мектептің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жиналысқа 90-нан астам ата-ана қатысты. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде көптеген сұрақтар қарастырылды. Оқушылар мен мұғалімдерге байланысты өзекті мәселелер талқыланды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: