Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Директорлық сенбі- ата-ана үні"
25
қараша
2021
"Директорлық сенбі- ата-ана үні"
149 ЖББМ "Директорлық сенбі- ата-ана үні" жиналысы өткізілді. Алатау ауданы, 149 ЖББ мектебінде қараша айының 20 күні 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында директор Шырынкүл Зейнуллақызының бастамасымен жиналысы өткізілді.  Мақсаты; балаларды қатыгездікпен пен немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау. Міндеті; балалардың құқығын қорғау керектігі жөнінде  ата-аналарға кеңес беру.
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
24
қараша
2021
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру" тақырыбында 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Самал Манарбековна "Ең үздік ата-аналар жиналысын" өткізілді.  Мақсаты; бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлін айқындау, ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту.
"Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде иегері атанған 149 ЖББМ "Жас қыран" тобы марапатталды
19
қараша
2021
"Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде
149 ЖББМ шәкірттерімен мақтанады! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Жас ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде иегері атанған 149 ЖББМ "Жас қыран" тобы марапатталды. Жетекшісі: С.Ж. Наурызбай. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" тақырыбында сынып жетекшісі Айдана Нұржанқызы жиналыс өткізді
19
қараша
2021
"Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" тақырыбында сынып жетекшісі Айдана
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте 7 "И" сынып оқушыларының ата-аналарымен ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту мақсатында "Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" тақырыбында сынып жетекшісі Айдана Нұржанқызы жиналыс өткізді. Жиналыста оқушылардың тәртібі және сабақ үлгерімі туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, сынып жетекші балалардың тәртібін қолға алу керектігін, бос уақытты тиімді пайдалану жолдарын атап өтті. Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана
Мектеп инспекторы полиция майоры Ешмұхамбетов Ернар Секенұлы 5-11 сынып оқушыларына  Ішкі істер министрлігінен келген видеороликті мектептің мәжіліс залында көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсірдірме жұмыстарын жүргізді
18
қараша
2021
Мектеп инспекторы полиция майоры Ешмұхамбетов Ернар Секенұлы 5-11
Алатау ауданы №149 ЖББМ 2021 жыл қараша айының 18 күні  мектеп инспекторы полиция майоры Ешмұхамбетов Ернар Секенұлы 5-11 сынып оқушыларына  Ішкі істер министрлігінен келген видеороликті мектептің мәжіліс залында көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсірдірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты; оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқушыларды тәртіпке шақыру. Сонымен қатар, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Серікұлы мен мектеп инспекторы  оқушыларды
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысты
17
қараша
2021
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық және әлеуметтік- экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлектерін қосқаны үшін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың АЛҒЫС ХАТымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!
"Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі"
15
қараша
2021
"Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі"
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектептің 4 "Ә"  сынып оқушысы Тоқтағұл Аяулым "Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі" атты А. Жұбанов пен Л. Хамидидің 115 жылдығына арналған  шығармалары байқауына қатысып,  I-орын иегері атанды. Аяулымның өнеріне шығармашылық табыс тілей отырып, бұданда биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Жетекшісі:  Мухатаева Зульфира.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09
қараша
2021
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау , білім және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған лингвистикалық олимпиданың аудандық кезеңінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жақсы көрсеткіш көрсетіп,  жоғары ұпай жинаған 11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана Бас жүлдені жеңіп алды.  Айдананың қалалық олимпиаданың биік тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!