Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.
18
қазан
2023
“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта
Бастауыш сынып мұғалімі Джумадуллаева Ақжарқын  4 “в”сынып ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.            Мақсаты: Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау. Әр ата-ана өз баласын тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру,ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.  Тренингті Ақжарқын Құрбанәліқызы ата-аналармен көңілді
Жалпы ата-аналар жиналысы
09
қазан
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
09.10. 2023 жыл жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.  "Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы" қызметі негізінде "Даналық мектебі" құрылды.  
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы.
29
қыркүйек
2023
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы.
Ата-әжеге деген ізеттілік, құрмет туралы, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы. 8 "Ғ" сынып оқушылары қарттарға, бір сәт қуаныш сыйлап, "Қарттар күнімен" құттықтады. Мақсаты: акция арқылы үлкендерге деген көңіл бөлу, уақыт табу құндылығын насихаттау. Жетекшісі: Омарбаева Ш.А. https://www.instagram.com/p/Cx0ORL0reuV/?utm_source=ig_web_copy_link
"Баланың бас ұстазы-ата-ана"
29
қыркүйек
2023
"Баланың бас ұстазы-ата-ана"
6 "Б" сыныбында ата-аналар жиналысы өтілді. "Баланың бас ұстазы-ата-ана" тақырыбында ұйымдастырылған жиналыста ата-ана міндеті әр түрлі ойын, әдіс арқылы өтті. Ата-аналар топқа бөлініп, топтық жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды белсене орындап, өз ойларын ортаға салды. Жиналыста қаралғап мәселелер сыныптың тәртібі мен білім сапасы сараланып, осы тоқсанға міндеттер талқыланып, жүзеге асыру жолы қарастырылды. Сынып жетекшісі: Бейсенбаева С.
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
26
қыркүйек
2023
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру" тақырыбында 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Сүлейменова Сати ата-аналар жиналысын өткізді.  Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлін айқындау, ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту.
7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
25
қыркүйек
2023
7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайы бпф форматы бойынша 7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайысқа мектебіміздің 8 "З" сынып оқушылары Мәлтік Бағдаурен мен Есмурзаев Канат қатысты. Дебаттың тақырыптары сол уақытта берілгенмен, оқушыларымыз "Бірлік" командасы болып турнирдан жақсы дәрежеде өздерін көрсете білді. Арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен аға тәлімгер: Кенжебекова Айсұлу.​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/332484152651580/​​​
ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады.
15
қыркүйек
2023
ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады.
Алматы қаласы, Федченко көшесі 2Б №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен, оқу-тәрбие жұмыстарын жандандыру мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, оқушылар үйі балаларды ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады. Бүгін оқушыларымыз көптеген үйірмелермен танысып келді.​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/343546464683959/​​​ Үйірмелер:  Сырнай аспабы, мұғалім: Жәнібек Мұратович 8-707-355-51-00 Домбыра үйірмесі  Мұғалім: Алмаш Ордабековна +7 707 464 1993 Би үйірмесі Мұғалім:
"Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
11
қыркүйек
2023
"Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
2023 жылғы 11 қыркүйек күні №149 ЖББ мектебінде "Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.  Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес,  сағат 10.00-де "Баршаның назарына!" құлақтандыру дабылы іске қосылып,  жалпыға бірдей сейсможаттығулар өтті. Сейсмо  жаттығу барысында педагогикалық ұжым, техперсоналдар және оқушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл әрекеттерін практика жұзінде өтіп, түгелімен қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.
Қайырлы күн, құрметті Халық банкінің клиенттері мен серіктестері!   2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Күнделік серіктесімен толыққанды жоба іске қосылатынын қуана хабарлаймыз. Халық Банкі үздік бағалары үшін 5-11 сынып оқушыларына
24
тамыз
2023
Қайырлы күн, құрметті Халық банкінің клиенттері мен серіктестері!
Қайырлы күн, құрметті Халық банкінің клиенттері мен серіктестері!   2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Күнделік серіктесімен толыққанды жоба іске қосылатынын қуана хабарлаймыз. Халық Банкі үздік бағалары үшін 5-11 сынып оқушысы – баланың карточкалық шотына бонустар есептейтін болады!!! (10 балл = 100 теңге). Бонустар алу үшін оқушыға Halyk easy картасы, сондай-ақ Күнделік жүйесінің қатысушысы болу қажет. Балаға арналған Halyk easy картасын ата-ана өзінің Halyk мобильді қосымшасында аша алады.
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
21
тамыз
2023
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
Хабарландыру  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің  алдын алу мақсатында "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізеді. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік министрліктің бастамасы "Жақсылық жасау" ұранымен өткізіледі. Осыған байланысты аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023 жылы "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес