Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық, әлеуметтік -экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін 149 ЖББМ директоры Шырынкүл Зейнуллақызы марапатталды
10
қараша
2021
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық, әлеуметтік -экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін 149 ЖББМ директоры Шырынкүл Зейнуллақызы Алматы қаласы, Алатау ауданынының  әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН  марапатталып және сыйақы тапсырды.  Шырынкүл Зейнуллақызы марапатыңыз құтты болсын!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09
қараша
2021
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау , білім және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған лингвистикалық олимпиданың аудандық кезеңінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жақсы көрсеткіш көрсетіп,  жоғары ұпай жинаған 11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана Бас жүлдені жеңіп алды.  Айдананың қалалық олимпиаданың биік тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!  
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада жүлдегері
09
қараша
2021
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада жүлдегері
Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Алатау ауданы білім бөлімінің  ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне  қатысқан №149 ЖББ мектептің   ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман, Ерболатова Аида Ерболатқызы кәсіби педагогикалық ойлары мен тұжырымдамаларын сараптап, ұтымды көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Аида Ерболатқызын құттықтаймыз!  
"Үздік өзін-өзі тану мұғалімі"
26
қазан
2021
"Үздік өзін-өзі тану мұғалімі"
Алматы қаласы, Алатау аудандық "Үздік өзін-өзі тану мұғалімі" байқауында өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибені көрсетіп "Парасатты ұстаз" номинациясымен 149 ЖББ мектеп мұғалімі Базарбаева Мархабат Бекзатовна марапатталды. Құрметті Мархабат Бекзатовна! Сіздің еңбек жолыңызға шығармашылық табыс тілейміз. Жеңісіңіз жемісті болсын!  
«Үздік жыл психологы»
23
қазан
2021
«Үздік жыл психологы»
2.10.2021ж. талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, психологтардың кәсіптік қарым-қатынасына ықпал ету және шығармашылық жаңалықтармен, кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру және психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының  аудандық кезеңі өтті. Алатау ауданы мектеп психологтарының арасында өткен «Үздік жыл
15- ші қазан кітапханашылар күні!
19
қазан
2021
15- ші қазан кітапханашылар күні!
15- ші қазан кітапханашылар күні! Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым  кереметтерін де содан табамыз. Осы орайда, Алатау ауданы, 149 ЖББ мектептің кітапхана қызметкерлері Ақмарал Мусабекова мен Жарқынай Молдабергенованы ұлттық кітапханашылар  күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар, осы мерекеге орай  Мусабекова Ақмарал “Нұр Отан” партиясының марапатына ие болды. Кітапхана қызметтерлерінің
Алатау ауданы мектеп мұғалімдері арасында өткен "Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесі
18
қазан
2021
Алатау ауданы мектеп мұғалімдері арасында өткен "Педагогикалық
Алатау ауданы мектеп мұғалімдері арасында өткен "Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесіне қатысқан 149ЖББ мектептің ұстаздары ағылшын тілі пәнінің мұғалімідері Тасқынбаева Сания Айтмуханбетовна, жас маман Әбіл Ардақ  үйлесімді нәтижелі шығармашылық жұмыстарымен жүлделі 2-орынды иеленді
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Елтайқызы  «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АРНАЙЫ ГРАНТЫН» иеленді
18
қазан
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Елтайқызы «АЛМАТЫ
№149 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Елтайқызы көп ішінен топ жарып, әкім гранты байқауының аудандық кезеңінде жеңіске жетті. Қалаға жолдама алған ұстазымыз жоғары көрсеткіш көрсетіп, «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АРНАЙЫ ГРАНТЫН» иеленді. Бұл байқау -Тәуелсіз еліміздің білікті мамандары, заманның заманауи жетістіктерін жете меңгерген, болашаққа сеніммен қадам басқан Ұстаз атты мәртебелі мамандық иелерінің мәртебесінің қашанда жоғары тұратындығын тағы да