ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ
ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, ҚР Қарулы Күштеріне 33 жыл толуына орай Алатау ауданының білім беру мекемелері арасындағы «ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ» атты жас сарбаздардың саптағы ән айту байқауы өтті. Байқау – жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, әскери тәртіпке баулу, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатысып, І ОРЫН иегері атанды. Жетекшісі: АӘД пән мұғалімі С.Ж.Наурызбай