Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» мен «Almaty Politechnic College»
02
наурыз
2026

«Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» мен «Almaty Politechnic College»

Кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес 9-сынып оқушылары «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» мен «Almaty Politechnic College»* колледждеріне барып, танысу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға орта білімнен кейінгі мамандықтар туралы толық ақпарат беру, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттармен таныстыру және болашақ кәсіби таңдау жасауға бағыт-бағдар беру.
Колледж мамандары білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, оқу үрдісі, дуалды оқыту жүйесі және тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, студенттердің шеберлік жұмыстары мен заманауи оқу кабинеттері көрсетіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Аталған кездесу оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа саналы қадам жасауына мүмкіндік берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: