СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2023

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

🔔СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!🔔 ♻️ Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең қымбат, ең қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентер сәт, соңғы рет қоңырау үні сыңғырлады. Бұл – балалық балдәуреннің бір белесі. ♻️№149 жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Ш.Зейнуллақызы ашып, ыстық лебізін білдірді. ♻️ Балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері соңғы қоңырау соғып, мектеп вальсін билеп, арнауларын оқыды. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар оқушылар білім алған мектебімнің абыройын жоғары ұстауға, елдің жарқын болашағы жолында еліміздің абыройын асқақтатуға ант етті. ♻️ Құрметті жас түлектер, армандаған білім ордаларыңызға оқуға түсіп, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Болашаққа қадам басқан жаңа өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/reel/504336468499833​​​
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: