18
қыркүйек
2024
Мектеп асханасының тамақтану сапасын тексеру мақсатында тамақтану сапасын қадағалау
Алматы қаласы, Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектебінде 18.09.2024 жылы мектеп асханасының тамақтану сапасын тексеру мақсатында тамақтану сапасын қадағалау бойынша Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Гасанов Рафаэль Руфикович, УСЭК бас маманы - Садырбаева Анара Хусайнгазиевна, Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Карлыгаш Медербековна, Алатау ауданы білім бөлімінің бас маманы- Туякбаева Назым Айдаровна бастаған бақылау тобы тексеру жүргізді. Тексеру барысында асхананың, асхана қызметкерлерінің толық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келуін, тамақ сапасының талапқа сай болуы, тағамдардың дайындалу технологиясын, тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азықтардың сақталуы тексерілді. Зерделеу қорытындысы бойынша санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, тамақ үлестері, асхана құжаттары нормаға сай, қол жууға арналған раковиналар, қол кептіргіш құралдар жұмыс жасап тұр.