1-қыркүйек “Білім күні” » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2024

1-қыркүйек “Білім күні”

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
1-қыркүйек “Білім күні” 
Тәуелсіз еліміз –Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. 
Салтанатты жиында мектеп директоры Шырынкул Зейнуллақызы сөз алып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Таудай талабы бар, тарыдай ғана балдырғандар да өз қуаныштарын әдемі өлеңмен жеткізді. “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбындағы мерекелік іс-шарада жоғары сынып оқушылар мен биыл ғана бірінші сыныпқа келген жас буын шәкірттер жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. 
Мектептеріне сағынышпен оралған оқушылар мен ұстаздар қуанышқа ортақтаса келген ата-аналармен бірге Білім күнін қарсы алды. 
Жаңа оқу жылында ұстаздарымыз бен шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: