“Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігі” тақырыбында тренинг өтілді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігі” тақырыбында тренинг өтілді
12
қыркүйек
2024

“Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігі” тақырыбында тренинг өтілді

Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушыларының аналарымен “Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігі” тақырыбында Алатау ауданы СЭБ басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Г.Нағашыбекқызы, 14 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Кондыбаева Асел Сериковна және 14 қалалық емхананың гинеколог дәрігері Курымбаева Гульфарида Анарбековнаның қатысуымен  тренинг өтілді. 
Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті  антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары.
 Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді,  екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетінін атап өтті.
АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде екпе егудің жұмыстары жүріп жатқанын айтып, аналарға таныстырып өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: