Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна марапатталды » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна марапатталды
09
қазан
2023

Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна марапатталды

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. 
   Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаз. 
    Осындай білікті де, білімді ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна.
Өмірінің 44 жылын бала тәрбиесіне арнаған,  шәкірттері республикалық байқаулардың,  халықаралық пәндік олимпиадалардың, ғылыми-зерттеу жобалардың жүлдегерлері. Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен марапатталды. 
   Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та, мағыналы болсын. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын  деп тілейміз! 👏

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: