
Каникул басталысымен балалар аула мен бақта демалып, асыр салып ойнауға асығады. Жаз – олардың сыртқа шығып, таза ауа мен қоршаған орта аясында тынығатын тамаша уақыты.

Дегенмен бұл мезгілде ең алдымен балалардың қауіпсіздігі мен амандығы жіті назарда болуы керек. Әр ата-ана, мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптан балаларға маусым бойы қауіпсіздік кеңестерін есте сақтау қажетін ескеруді сұраймыз.

Осы ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаз айының балалар үшін қауіпсіз әрі жайдары өтуі үшін бірқатар ұсыным әзірледі.