Жақсылық жасасаң – жүректерге нұр құясың!
Мектебіміздің әлеуметтік осал топтағы, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылары үшін үлкен қамқорлық пен қолдау көрсету – қоғам алдындағы ең ізгі міндеттердің бірі. Осы орайда дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларымызға қуаныш сыйлау мақсатында жасалған қайырымды іс баршамызға үлкен үлгі болды. Алдымен, осындай игі бастаманы ұйымдастырып, жанашырлық танытқан мектебіміздің басшысы Ш.Зейнуллаеваға зор алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағына