Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 9 сынып оқушыларына “Мамандықтар жәрмеңкесі” ұйымдастырылды
24
сәуір
2025
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 9 сынып оқушыларына
Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 9 сынып оқушыларына “Мамандықтар жәрмеңкесі” ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Алматы қаласы бойынша 9 колледжден арнайы мұғалімдер келіп, сан түрлі мамандықтар туралы ақпараттар берді.  Жәрмеңкеге 300-ге жуық оқушы қатысып, жан-жақты ақпараттар алды. Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушылардың білікті мамандармен тілдесу мен кеңестер алу арқылы жарқын болашаққа қадам жасаудың бірегей мүмкіндігі. Ұйымдастырған: кәсіби бағдар беру
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы 11 сынып оқушыларымен  кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізілді
03
сәуір
2025
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Мақан Есболатов
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясынан оқытушылар мен мектебіміздің түлегі Махаметов Али және АӘД пәнінің мұғалімі С.Ж.Наурызбайдың қатысуымен 11 сынып оқушыларымен  кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын тәртіп пен талаптар, түсу емтихандары қалай және қашан тапсырылатыны, қызметтің артықшылықтары мен түлектердің болашағы туралы айтылды.
АЛМАТЫ АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ СӘН ИНДУСТРИЯСЫ КОЛЛЕДЖІ
04
ақпан
2025
АЛМАТЫ АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ СӘН ИНДУСТРИЯСЫ КОЛЛЕДЖІ
Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі, 2025-2026 оқу жылына мамандық аламын, колледжде оқимын деген абитуриенттерге, мамандық тізімін ұсынады.  Әр бейсенбі күні ашық есік күніне 9 сынып оқушыларына мамандық бойынша таныстыру жүргізіледі
“Білім және мансап-2024” Халықаралық білім көрмесі
22
қараша
2024
“Білім және мансап-2024” Халықаралық білім көрмесі
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Атакент” көрме орталығында өткен “Білім және мансап-2024” Халықаралық білім көрмесіне қатысты.