Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бес күн - бес іс-шара" жобасы аясында
10
қараша
2023
"Бес күн - бес іс-шара" жобасы аясында
"Бес күн - бес іс-шара" жобасы аясында  5 "Д" сынып оқушылары  1. Патриоттық күн әнұран шырқап, мектеп оқушыларын күтіп алды. 2. Шығармашылық күні АӘД пәнінің мұғалімі С.Ж. Наурызбаймен кездесті.  3. Ұлттық құндылықтар күні "Ұлттық киім ұрпаққа мұра" тақырыбында оқушылар ұлттық киіммен мектеп оқушыларын қарсы алды. 4. Экология күні "Қалдық заттарға екінші өмір сыйла" тақырыбында өз қолдарымен жасалған бұйымдарымен таныстырды. 5. Спорттық күн "Волейбол" ойынын екі командаға бөлініп, ойнады.
1 "А" сынып оқушыларымен «Тілашар- білімге жол  ашар» мерекесі өтті.
31
қазан
2023
1 "А" сынып оқушыларымен «Тілашар- білімге жол ашар» мерекесі өтті.
        Мақсаты: алғаш мектеп табылдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру. Ұлттық дәстүр « Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Сынып жетекшісі,  педагог-зерттеуші: Сыдыкова Алма Нағызбаевна
"Аяулы алтын күз" байқауы.
26
қазан
2023
"Аяулы алтын күз" байқауы.
 6-7-8 сыныптар арасында өткізілді. Сайысқа қатысқан оқушыларды ізденімпаздыққа, қиял ұшқырлығы мен еңбексүйгіштікке баулуға, өздерін сынап көрсетуге мүмкіндіктер жасау мақсатында ұйымдастырылды.  Байқау кезеңнен тұрды: 1) Таныстыру және сән үлгісі 2) Өз өнері 4) Қол өнері Байқауда "Ең үздік  костюм" "Ең үздік қолөнер" "Ең үздік дуэт" "Ең үздік ән"  "Ең үздік би" номинациялары болды. Байқауға қатысқан қатысушыларымыздың өнері мен киім үлгілері өте көрнекті болды. Мектебіміздің алғыр,еңбекқор
Республика күні
24
қазан
2023
Республика күні
     Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй  орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.     Мектебімізде Республика күніне ұйымдастырылған іс-шаралардан көрініс.
"Темекінің зиянын білесіз бе?"
24
қазан
2023
"Темекінің зиянын білесіз бе?"
Мектебімізде 14-емхана дәрігерлері темекі, ішімдіктің зияны туралы "Темекінің зиянын білесіз бе?" тақырыбында  7-10 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Темекінің, ішімдіктің адам ағзасына кері әсері мен зияны жайында бейнеролик көрсетілді.Дұрыс тамақтану жолдарын түсіндіру мақсатында оқушыларға жарнама парақтары таратылды.
Мектеп президенті сайлауы өтілді.
23
қазан
2023
Мектеп президенті сайлауы өтілді.
    Мектеп президенті сайлауы өтілді. Үміткерлер 10 сынып оқушылары Алтынбек Тілеухан, Болат Сымбат, Серғали Берік.  15 күн бойы мектеп президенті болу үшін өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жүргізіп оқушыларды және мектеп мұғалімдерін өздеріне дауыс беруге шақырды.  9 қазан күні 10-11 сынып оқушыларының басын біріктіріп, мектеп президентіне үміткер кандидаттарымыз оқушылар алдында өздерін презентация арқылы толықтай таныстырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Дауыс беруге 10-11 сынып оқушылары
"Біз нашақорлыққа қарсымыз!"
20
қазан
2023
"Біз нашақорлыққа қарсымыз!"
     Бүгін Алматы қаласы, Алатау ауданы прокуратурасының  қылмыстық қудалау бөлімінің  қызметкерлері Мүсірәлі Серік Досанұлы, Қазали Әлім Даниярұлы "Біз нашақорлыққа қарсымыз!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.     Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін жақсы білеміз. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал, тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның
Төтенше жағдайлар комитеті оқушылармен "ZOOM" платформасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
20
қазан
2023
Төтенше жағдайлар комитеті оқушылармен "ZOOM" платформасымен
20.10.2023 ж. күні сағат 15.00-де   №149 ЖББМ  Төтенше жағдайлар комитеті оқушылармен "ZOOM" платформасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Жасөспірімдерге табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.
№1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен "Жас Ұлан", "Жас қыран" ББЖ ұйымымен аудан мектептері арасында Ұланбасылар және олардың көмекшілерімен кездесу өтті.
18
қазан
2023
№1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен "Жас Ұлан", "Жас қыран" ББЖ
№1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен "Жас Ұлан", "Жас қыран" ББЖ ұйымымен аудан мектептері арасында Ұланбасылар және олардың көмекшілерімен кездесу өтті. Мақсаты: Еліміздің белсенді жастарының бастамаларына қолдау көрсету. "Жеті бағыт" бойынша жұмыс жоспарларымен таныстырып, алға қойған мақсаттарымен бөлісу.
«Ар ұят және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағат
17
қазан
2023
«Ар ұят және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағат
17 қазан күні мектеп оқушыларын адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке, өз халқының салт -дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға,  өзара сыйластыққа баулу мақсатында «Ар ұят және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.