Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде» тақырыбында эстетика ӘБ онкүндігі  басталды.
18
сәуір
2022
«Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде»
18.04.2022ж. "Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін жаңғырту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу",   «Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде» тақырыбында эстетика ӘБ онкүндігі  басталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы
13
сәуір
2022
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ахмет
№149 жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы  өтті. Байқаудың мақсаты- өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру. Байқау 2 кезеңнен тұрды 1 кезең –эссе; 2 кезең «Ахмет Байтұрсынұлының
Қаланың көркейуі  мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған  шара жалпықалалық сенбілік
09
сәуір
2022
Қаланың көркейуі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған
Қаланың көркейуі  мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған  шара жалпықалалық сенбілікке бүгін Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектепте  жалпы саны 70-тен аса адам қатысты. Сенбілік аясында мектеп аумағында күл-қоқыстан тазартумен қатар, көгалдандыру сияқты жұмыстар қолға алынды. Сенбіліктің басты мақсаты - қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің»
08
сәуір
2022
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің»
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», – дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін.   Жобаның мақсаты:   1)Жақсы игі істер ұстанатын адамдарды қол астына жинайтын   «Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымының ашылуына және     ұйымның игілікті істермен айналысуына жағдай жасау. 2)Әрбір оқушының жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен олардың қасиеттерінің мәнін ашып, оларды өмірде қолдана
"Гинетикалық есептерді шығару жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
06
сәуір
2022
"Гинетикалық есептерді шығару жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел
2022 жылдың сәуір айының 6 күні Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің «Жаратылыс сыры - ғылымда» атты онкүндігі аясында мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз Сәуле Жұмабек әріптестерге арналған "Гинетикалық есептерді шығару жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты; жас мамандарға Гинетикалық есептердің шығару жолдарын түсіндіру, тәжірибе алмасу.  
Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің «Жаратылыс сыры - ғылымда» атты онкүндігінің ашылу салтанаты
05
сәуір
2022
Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің «Жаратылыс сыры - ғылымда»
Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің «Жаратылыс сыры - ғылымда» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлпан Дәулетқызы сөз бастап, жаратылыстану бірлестігінің ұстаздарына жылы лебізін білдірді. Бірлестік жетекшісі Гульзира Мейрамкуловна 05.04.-15.04.2022 ж.ж. аралығында өтілетін онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Ашылу салтанаты кезінде 7 «Ә» сынып оқушысы Ахметхан Кәусар «Дәрумендердің пайдасы» тақырыбында шағын баяндама жасады.  
Кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру мақсатында, Алматы темір жол көлігі колледжінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
05
сәуір
2022
Кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру мақсатында, Алматы темір жол
Кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру мақсатында, Алматы темір жол көлігі колледжінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаттары мынадай: болашақ талапкерлер ішінен колледжге қабылдау барысында сапалы таңдау жасау; колледждегі мамандықтарды насихаттау, бітіруші түлектерді дәріптеу, жарнамалау, танымал ету; мектеп
"Жол жүру белгілері және таңбалары"тақырыбында сынып сағатын өткізді.
01
сәуір
2022
"Жол жүру белгілері және таңбалары"тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Алатау ауданы, №149 ЖББ мектепте  4 "Ж" сынып оқушыларына "Жол жүру белгілері және таңбалары"тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету және полицияның міндеттерін түсіндіру. Сынып жетекшісі: Есназарова Жанар  
"Бала құқығы-басты құндылықтардың бірі"
17
наурыз
2022
"Бала құқығы-басты құндылықтардың бірі"
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте оқушылардың құқығын қорғау мақсатында оқушылармен "Бала құқығы-басты құндылықтардың бірі" тақырыбында түсіндірмелі жұмыс жүргізілді. Мақсаты; балалардың құқығын қорғау, бір-бірін сыйлауды насихаттау.