Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында  дебат пікір-сайыс турнирі өткізілді
23
желтоқсан
2021
180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында дебат пікір-сайыс
2021 жылдың 22 желтоқсан күні Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында  дебат пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнирде "Бұл кандидат экономикаға қарағанда экологияны маңыздырақ деп санайды" тақырыбы қозғалды. Турнирге мектебіміздің 10 сынып оқушысы Ысқақов Әли ЛД форматта қатысып, нәтижелі ойын көрсетті.
5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алған №149 ЖББ мектептің оқушылары білім додасынан олжалы қайтты
23
желтоқсан
2021
5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың
5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алған №149 ЖББ мектептің оқушылары білім додасынан олжалы қайтты.  6В сынып оқушысы Ғалымұлы Нұрасыл 2-орын- пән мұғалімі  Агментаева Маржан Жалиловна 6А сынып оқушысы Әбдіғапар Асылай 3-орын-пән мұғалімі Смакова Айгул Маратовна Білімді жастарымыз көп болсын!
11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана  лингвистикалық олимпиданың қалалық кезеңінде жүлделі 2-орынды  жеңіп алды
22
желтоқсан
2021
11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана лингвистикалық олимпиданың қалалық
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, білім және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған лингвистикалық олимпиданың қалалық кезеңінде жақсы көрсеткіш көрсетіп,  11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана жүлделі 2-орынды  жеңіп алды. Жетекшісі Құлназарова А.  Айданаға білімнің биік шыңын бағындыра беруіне  тілектеспіз!  
«Ақ бота» интеллектуалды олимпиадасының жүлдегерлері
22
желтоқсан
2021
«Ақ бота» интеллектуалды олимпиадасының жүлдегерлері
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Ақ бота» интеллектуалды олимпиадасына қатысқан оқушылар жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.   1-орын 4-сынып оқушысы Аймақ Алинур – жетекшісі Кенжалиева Э.  2-сынып оқушысы Нүсіпбай Жанерке  2-сынып оқушысы Шәкарім Айару  2-орын 3-сынып оқушысы Асылым Даниярқұл – жетекшісі Әбіжан Б.  2-сынып оқушысы Әсенбекұлы Ерасыл, Қарақат Жұмағұл, Оразалы Інжу- жетекшісі Джумадуллаева А. 4-сынып оқушысы Дәулет Айару - жетекшісі
"Өнер таусылмас азық" тақырыбында ашық сабақ өткізді
22
желтоқсан
2021
"Өнер таусылмас азық" тақырыбында ашық сабақ өткізді
Бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты, педагог-сарапшы 4 "И" сынып жетекшісі Курманбаева Гулдархан Ибраймовна әдебиеттік оқу пәнінен "Өнер таусылмас азық" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру, дамыту. Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйретілді. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамытып,
"Тәуелсіздік тірегім"
21
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік тірегім"
Алатау ауданы, 149 ЖББМ  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Тәуелсіздік тірегім" тақырыбында ұйымдастырылған концерттік кеште мектебіміздің қыл қалам шеберлері 9 "Д" сынып оқушылары Мубарак Назерке Балабекқызы "Көкпар" туындысын,  Мубарақ Ақерке Балабекқызы "Қыз қуу" туындысын, Жакашбаева Аружан Русланқызы "Айтыс" туындысын мептеп қабырғасына ілу үшін сыйға тарту етті. Сонымен қатар,  Мубарак Назерке мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызының портретін салып, қолына
1-11 сынып оқушылары Қыс мезгілдегі қауіпсіздік ережелерімен танысты
21
желтоқсан
2021
1-11 сынып оқушылары Қыс мезгілдегі қауіпсіздік ережелерімен танысты
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте 1-11 сынып оқушылары Қыс мезгілдегі қауіпсіздік ережелерімен танысты. Мақсатымыз: оқушыларды қыс мезгіліндегі суық ара райының қолайсыз жағдайларынан қорғануға үйрету. Сонымен қатар, мұз басқан жерлердегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қыс мезгілі кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау керектігін насихаттау.
"Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді
20
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді
Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді. Мақсаты: Туған елге ,Отаннын қастерлеуге шыншылдыққа, патриоттыққа тәрбие беру. Салтанатты шарада мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы, Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білім саласында 30 жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мекеме қызметкерлерін, сонымен қатар, Тәуелсіздік құрдастары
Ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толу құрметіне арналған мектепішілік «Ұлы дала ағартушысы» тақырыбында 1-10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
20
желтоқсан
2021
Ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толу
Алатау ауданы, №149 ЖББМ  ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толу құрметіне арналған мектепішілік «Ұлы дала ағартушысы» тақырыбында 1-10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Марапаттау рәсімі бойынша 5 сынып оқушысы Қайырғали Жансая I орын иеленді, 6 сынып оқушысы Ізтай Шапағат II орынды иеленсе, 7 сынып оқушысы Сағындық Айгерім III орынды иеленді.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізілді
20
желтоқсан
2021
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімін
Алатау ауданы, 149 ЖББМ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық  Бірыңғай Жас қыран мүшелерін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізілді. «Жас Қыран» ұйымының мүшелерін Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп отырған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиынында мектебіміздің директоры Шырынкул Зейнуллақызы