Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрметті Алматы қаласы Алатау ауданы № 149 мектеп ата-аналары!
17
қаңтар
2022
Құрметті Алматы қаласы Алатау ауданы № 149 мектеп ата-аналары!
@ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!!       Құрметті Алматы қаласы Алатау ауданы № 149 мектеп ата-аналары!!!!!        Қалыптасқан жағдайларға байланысты және Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің  13.01.2021 жылғы №1 Қаулысы  негізінде  Алматы қаласының  мектептері қашықтан оқытуға көшеді.       Халық арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Алматы «қызыл» қауіпті аймаққа өтті.       Қашықтық  форматындағы  сабақтар ата-аналардың қолдауы мен бақылауын талап етеді.
«Білім беруде жаңа ақпараттық технология»
30
желтоқсан
2021
«Білім беруде жаңа ақпараттық технология»
№149 ЖББ мектептің информатика пәні мұғалімдері С.Сагимбаева, Р.Құрмангельдиева, Ж.Сихымбаева ұстаздар қауымына, жас мұғалімдерге «Білім беруде жаңа ақпараттық технология» тақырыбында семинар өтті. «Оңайды базаға тіркеу жолдары», «Google Docs-пен жұмыс»  , «ЭЦҚ кілттерін алу», «Prezi.com-да презентация жасау» тақырыптары қамтылды.  
7-8 сынып оқушыларымен "Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері  мүгедектері” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник  Алданазаров Ерлан Жарылқасынұлымен онлайн кездесу өткізілді.
30
желтоқсан
2021
7-8 сынып оқушыларымен "Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте 2021 жылы 30 желтоқсан күні 7-8 сынып оқушыларымен "Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері  мүгедектері” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник  Алданазаров Ерлан Жарылқасынұлымен онлайн кездесу өткізілді.  Мақсатымыз; қысқы демалыс кезіндегі "Қауіпсіз демалыс" оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Киберқауіпсіздік заман талабы»
29
желтоқсан
2021
«Киберқауіпсіздік заман талабы»
№149 ЖББ мектептің информатика пәні мұғалімдері С.Сагимбаева, А Абдулла 9- сынып оқушыларына ақпараттық кеңістікте цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Киберқауіпсіздік заман талабы» тақырыбында мол ақпарат берді. Оқушылар «Киберқауіпсіздік деген не?», «Киберқауіпсіздік туралы не білу керек?» деген сауалдарға жауап алып, «Киберқауіпсіздіктің негізгі қатерлері», «Ақпаратты қорғауға арналған ақпараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету» туралы мәліметтермен танысып, хабардар болды.
Жағымды сөздер
28
желтоқсан
2021
Жағымды сөздер
Жағымды сөздер. Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Психолог жағымды сөздер айта отырып. Шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, Аппақ параққа таңдалған оқушылардың бойындағы ерекше жағымды қасиеттерің, сыныптағы оқушылар жазады.Ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
4 "З" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Кенжалиева Элмира Кунбергеновна "Ауа қалай ластанады?" тақырыбында ашық сабақ өткізді
27
желтоқсан
2021
4 "З" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Кенжалиева Элмира
Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 4 "З" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Кенжалиева Элмира Кунбергеновна "Ауа қалай ластанады?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: 1) Ауаның ластануы,оны қорғау туралы мағлұмат беріп,ауаны ластаушы заттардың пайда болуы,зияны,ауаны тазартуды қалай жүзеге асыру керек екендігін түсіндіру; 2) Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға пәнге деген қызығушылығын ояту,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Сабақтың мақсатына сәйкес мұғалім
10 сынып оқушысы Таңатар Дулат Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу құрметіне Алатау ауданының мектептеріне "Көк тудың желбірегені" атты челленжді жолдады
24
желтоқсан
2021
10 сынып оқушысы Таңатар Дулат Қазақстан Республикасының
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті 10 сынып оқушысы Таңатар Дулат Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу құрметіне Алатау ауданының мектептеріне "Көк тудың желбірегені" атты челленжді жолдады. Мақсатымыз; өскелең ұрпақты елі мен жерін, тілі мен дінін қорғауды насихаттау, Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектепте психолог Базарбаева Мархабат Бекзатовна жоспарға сәйкес желтоқсан айында 3-ші сынып оқушыларының мінез- құлқын анықтау мақсатында геометриялық фигуралар әдістемесін жүргізді.
23
желтоқсан
2021
Мектепте психолог Базарбаева Мархабат Бекзатовна жоспарға сәйкес
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте психолог Базарбаева Мархабат Бекзатовна жоспарға сәйкес желтоқсан айында 3-ші сынып оқушыларының мінез- құлқын анықтау мақсатында геометриялық фигуралар әдістемесін жүргізді. Мақсаты: адамның тұлғалық деңгейін тез арада анықтауға, кез келген адамға мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге, күнделікті жағдайдың мінез-құлықтың сценарийын жасауға мүмкіндік береді.
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектеп Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 жастан 17 жас аралығындағы балаларды ТЕГІН жүзу үйірмесіне қатысуға шақырады
23
желтоқсан
2021
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектеп Алатау ауданы әкімдігінің
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектеп Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 жастан 17 жас аралығындағы балаларды ТЕГІН жүзу үйірмесіне қатысуға шақырады. ТЕГІН жүзу үйірмесі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген кесте бойынша жұмыс жасайды. Бассейннің ұзындығы 30 м, ені 9 м.  Мақсатымыз; балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Үйірмеге жауапты: Қосымша білім беру педагогы Есназар Таңсулу Мәуленбекқызы.  Байланыс номері: 87754345348
180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында  дебат пікір-сайыс турнирі өткізілді
23
желтоқсан
2021
180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында дебат пікір-сайыс
2021 жылдың 22 желтоқсан күні Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  180 ЖББ мектептің мәжіліс залында ЛД форматында  дебат пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнирде "Бұл кандидат экономикаға қарағанда экологияны маңыздырақ деп санайды" тақырыбы қозғалды. Турнирге мектебіміздің 10 сынып оқушысы Ысқақов Әли ЛД форматта қатысып, нәтижелі ойын көрсетті.