Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Эстетика бірлестігінің онкүндігінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдулла Бақдаулет Қалдыбайұлы  8"Г" сыныбымен  "Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
13
қараша
2023
Эстетика бірлестігінің онкүндігінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Эстетика бірлестігінің онкүндігінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдулла Бақдаулет Қалдыбайұлы  8"Г" сыныбымен  "Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының қолдану мақсаттарын және ерекшеліктерін зерттеу. Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдармен тәжірибе жұмыстарын орындау.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Укубасова Урымхан  Сейсенгажиевна 5 "Ә" сыныбымен ашық сабақ өтті.
09
қараша
2023
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Укубасова Урымхан Сейсенгажиевна 5 "Ә"
      Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Мақсаты: Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдени өнері, қолөнері  ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.
"Бес күн-бес іс-шара" жобасы аясында
08
қараша
2023
"Бес күн-бес іс-шара" жобасы аясында
"Бес күн-бес іс-шара" жобасы аясында  8 "Ә" сынып оқушыларымен мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі С.Ж. Наурызбаймен кездесті. Оқушыларға АӘД пәнінің қыр-сырын, қалай  өтетіндігі туралы айтып өтті. Оқушыларымыз сабақтан алған әсерінен шығарма жазды. Мақсаты: Оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тымболов Дарын Оразбекұлы  6 "А"  сыныбымен  "Зергерлік бұйым нобайын орындау" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
08
қараша
2023
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тымболов Дарын Оразбекұлы 6 "А"
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар,  техникалық суреттер мен сызбалар орындау. Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныстыру.
«Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
07
қараша
2023
«Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» тақырыбында сынып сағаты
5 «Д» сыныбында «Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Оқушыларымыз ақынның өмірі және шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа оқыды.  Ұйымдастырушы: 5«Д» сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-Есназар Таңсұлу Мәуленбекқызы.​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/353315947103342/​​​
Республикалық Мағжан оқулары байқауы жеңімпазы
07
қараша
2023
Республикалық Мағжан оқулары байқауы жеңімпазы
Республикалық Мағжан оқулары байқауынан 3"д" оқушысы Талғатқызы Камиля І ОРЫНДЫ жеңіп алды. Сынып жетекшісі: Есжанова Айнур Болатханқызы
Біріккен Араб Әмірліктері, Абу Даби қаласында өткен "Джиу-джитсудан" әлем чемпионаты жеңімпаздары
06
қараша
2023
Біріккен Араб Әмірліктері, Абу Даби қаласында өткен "Джиу-джитсудан"
Мектебіміздің оқушылары Біріккен Араб Әмірліктері, Абу Даби қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.  7 "Ә" сынып оқушысы  Айтқали Абылай-Әлем чемпионы 8"Е" сынып оқушысы Ерлепес Ерназар-Әлем чемпионы 6 "В" сынып оқушысы  Төлеген Хасан- күміс жүлдегері Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін, жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!
Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз-Аягүл Миразова атындағы 8-9 сыныптарға арналған қалалық математикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
03
қараша
2023
Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз-Аягүл Миразова атындағы 8-9
    Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз-Аягүл Миразова атындағы 8-9 сыныптарға арналған қалалық математикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан №149 ЖББ мектептің оқушылары 8-сынып оқушысы Ерболқызы Ақерке жүлделі 3-орынды иеленді. Пән мұғалімі: Абдрашева Талшын Ерлановна. 9-сынып оқушысы Русланқызы Елнара мадақтамамен марапатталды.  Пән мұғалімі: Калиева Айжан
"Жанашыр мұғалім - жаңашыл" атты семинар
02
қараша
2023
"Жанашыр мұғалім - жаңашыл" атты семинар
"Нақты ғылым -дүние кілті" тақырыбында болған жаратылыстану- математика пәндер МИФ бірлестігі онкүндіктің аяқталуына орай  "Жанашыр мұғалім - жаңашыл" атты семинар өткізді. Семинар мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану, жаңашыл ұстаз болу арқылы оқушының пәнге қызығушылығын арттыру. Қолданылған әдіс -тәсілдер: "Classdojo" -бағалау, "LearningApps.org" , "Joyteka" платформаларын  сабақта тапсырма орындауға қолдану арқылы білім алушының пәнге деген