Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауы
12
қазан
2023
"Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауы
"Патриоттық рух - басты құндылық" жобасы аясында оқушылар арасында Желтоқсан қаһармандарына арналған "Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауға  Мәнерлеп оқудан 8 "В" сынып оқушысы Амирханова Айсұлу І ОРЫН алып, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Ниязбекова Қ.К. Ән айту номинациясы бойынша жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі:  Мухатаева З. Алғыс хатпен марапатталды.  Құттықтаймыз!
АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ
09
қазан
2023
АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ
  Алаштың ақиық ақыны Мағжан ұстазға осылай баға беріпті. Білім мен тәрбие құсқа қос қанат қалай керек болса, адамға да солай керек. Оны беретін кім? Әрине, ұстаз. Мұғалім. Ал, нағыз мұғалім болу үшін ерен еңбек, маңдай тер керек. 18 жылдан аса саналы ғұмырын  ұстаздық жолға арнаған, Алматы қаласы №149 ЖББ орта мектептің информатика  пәнінің  мұғалімі, мектеп директорының оқу  ісі  жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші  Жақсыбекова Нұрзия Таңатарқызы.   Алғашқы еңбек жолын Жамбыл  облысы
Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна марапатталды
09
қазан
2023
Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.     Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да,
Жалпы ата-аналар жиналысы
09
қазан
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
09.10. 2023 жыл жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.  "Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы" қызметі негізінде "Даналық мектебі" құрылды.  
Республикалық "Балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңі
04
қазан
2023
Республикалық "Балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңі
Республикалық "Балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңіне қатысқан 149ЖББ мектептің 10-сынып оқушысы Бағысбекова Анель жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшісі:  Омарова Гульнара Каримхановна  
5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
03
қазан
2023
5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық
Алатау ауданы №149 ЖББмектепте 29.09.2023ж. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары 5-сынып бойынша Сарыбай Шыңғыс, Пазыл Айлан, 6-сынып бойынша Кенжебай Дархан, Ерік Алмас аудандық кезеңгі жолдама алды.  
5 қыркүйек - Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 8-сынып оқушыларымен WordWall платформасын қолдана отырып, интеллектуалды ойын өткізді.
02
қазан
2023
5 қыркүйек - Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, қазақ тілі мен
5 қыркүйек - Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кенжеханова Раушан және Шекербекова Айнұр 8-сынып оқушыларымен WordWall платформасын қолдана отырып, интеллектуалды ойын өткізді. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларды тілді құрметтеуге, патриот болуға, мәдениетті сөйлеуге үйрету.  https://www.instagram.com/reel/Cx1ygz7oRYT/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы.
29
қыркүйек
2023
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы.
Ата-әжеге деген ізеттілік, құрмет туралы, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» парақшаларды тарқату акциясы. 8 "Ғ" сынып оқушылары қарттарға, бір сәт қуаныш сыйлап, "Қарттар күнімен" құттықтады. Мақсаты: акция арқылы үлкендерге деген көңіл бөлу, уақыт табу құндылығын насихаттау. Жетекшісі: Омарбаева Ш.А. https://www.instagram.com/p/Cx0ORL0reuV/?utm_source=ig_web_copy_link
"Баланың бас ұстазы-ата-ана"
29
қыркүйек
2023
"Баланың бас ұстазы-ата-ана"
6 "Б" сыныбында ата-аналар жиналысы өтілді. "Баланың бас ұстазы-ата-ана" тақырыбында ұйымдастырылған жиналыста ата-ана міндеті әр түрлі ойын, әдіс арқылы өтті. Ата-аналар топқа бөлініп, топтық жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды белсене орындап, өз ойларын ортаға салды. Жиналыста қаралғап мәселелер сыныптың тәртібі мен білім сапасы сараланып, осы тоқсанға міндеттер талқыланып, жүзеге асыру жолы қарастырылды. Сынып жетекшісі: Бейсенбаева С.