Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
26
қыркүйек
2023
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру"
"Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру" тақырыбында 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Сүлейменова Сати ата-аналар жиналысын өткізді.  Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлін айқындау, ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту.
7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
25
қыркүйек
2023
7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайы бпф форматы бойынша 7-12 сыныптар арасында өткен "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайысқа мектебіміздің 8 "З" сынып оқушылары Мәлтік Бағдаурен мен Есмурзаев Канат қатысты. Дебаттың тақырыптары сол уақытта берілгенмен, оқушыларымыз "Бірлік" командасы болып турнирдан жақсы дәрежеде өздерін көрсете білді. Арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен аға тәлімгер: Кенжебекова Айсұлу.​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/332484152651580/​​​
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке.
25
қыркүйек
2023
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келедi. Осы мереке қарасаңында әр бірлестіктен ұстаздық еңбек өтілі 25 жылдан астам мұғалімдерімізге арнайы "Түнгі студияда - Ұлағатты ұстаздар" атты кездесу кешін өткіздік.  Кездесудің құрметті қонақтары директордың оқу ісі орынбасары  Акмолдаева Анар Турдалиевна  Қазақ тілі мен
"Алматы ұстазы -2023" байқауы өз мәресіне жетті.
25
қыркүйек
2023
"Алматы ұстазы -2023" байқауы өз мәресіне жетті.
"Алматы ұстазы -2023" байқауы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы бойынша 6000-нан аса ұстаз тіркелген, үздік эссе жазған 100 мұғалімнің қатарына еніп Алматы қаласының Әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл байқаудың  екінші кезеңінде  мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Джумадуллаева Ақжарқын 3-орын, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Бейсенбаева Сандуғаш "Алғыс хат" иеленді. Білікті мамандарымызбен мақтанамыз!
Еңбек күні
18
қыркүйек
2023
Еңбек күні
Бүгін 2023 жылдың 18 қыркүйек күні “Еңбек бәрін жеңбек” апталығының жұмыс жоспарына сәйкес,  9 сынып оқушылары көркем еңбек сабағында қолөнер бұйымдарын,  өз қолдарымен жасады.  Мақсаты: Қазақтың қолөнер бұйымдарын оқушыларға таныстыру. Салт-дәстүрге деген құрмет, қолөнердің  әсемдігін  түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.​https://www.instagram.com/reel/CxVhAQLMnuH/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​
ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады.
15
қыркүйек
2023
ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады.
Алматы қаласы, Федченко көшесі 2Б №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен, оқу-тәрбие жұмыстарын жандандыру мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, оқушылар үйі балаларды ТЕГІН үйірмеге қатысуға шақырады. Бүгін оқушыларымыз көптеген үйірмелермен танысып келді.​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/343546464683959/​​​ Үйірмелер:  Сырнай аспабы, мұғалім: Жәнібек Мұратович 8-707-355-51-00 Домбыра үйірмесі  Мұғалім: Алмаш Ордабековна +7 707 464 1993 Би үйірмесі Мұғалім:
"Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
11
қыркүйек
2023
"Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
2023 жылғы 11 қыркүйек күні №149 ЖББ мектебінде "Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.  Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес,  сағат 10.00-де "Баршаның назарына!" құлақтандыру дабылы іске қосылып,  жалпыға бірдей сейсможаттығулар өтті. Сейсмо  жаттығу барысында педагогикалық ұжым, техперсоналдар және оқушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл әрекеттерін практика жұзінде өтіп, түгелімен қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
01
қыркүйек
2023
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
«2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ