Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
25
желтоқсан
2024
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысып, зор үлес қосқаны үшін Кулназарова Ақнұр, Сламбаева Еркежан Алғыс хатпен марапатталды.
“Ұстаз” көркем фильмі
25
желтоқсан
2024
“Ұстаз” көркем фильмі
Алматы қаласы Алатау ауданы N149 ЖББ мектеп мұғалімдеріне “Ұстаз” көркем фильмі көрсетілді. “Ұстаз” фильмі елімізде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бар күш-жігерін сарп етіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз жайлы. 
Волейбол ерлер арасындағы қалалық жарыс
17
желтоқсан
2024
Волейбол ерлер арасындағы қалалық жарыс
Алматы қаласы Білім басқармасы “Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы” 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастастырылған Волейбол ерлер арасындағы қалалық жарыстан ІІІ орынға ие болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі                Құдайберген Рауан. Құттықтаймыз! 
212 мектеп-гимназиясының ашылуына орай, “Волейболдан” мұғалімдер арасында өткен турнир
26
қараша
2024
212 мектеп-гимназиясының ашылуына орай, “Волейболдан” мұғалімдер
212 мектеп-гимназиясының ашылуына орай, “Волейболдан” мұғалімдер арасында өткен турнирдан мектебіміздің  мұғалімдері 16 команда ішінен бақ сынап, І орын иегері атанды.  Құттықтаймыз! 
“Мемлекеттік тіл - менің тілім”
18
қараша
2024
“Мемлекеттік тіл - менің тілім”
“Мемлекеттік тіл - менің тілім” іс-шарасы Мектебіміздің 2 “А” сынып жетекшісі А.Н.Сыдыкова мен 2 “З” сынып жетекшісі А.Асқарбектің ұйымдастыруымен “Тіл - ұлттың жаны” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.  Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөйлеуге, өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/919420943063834/
Мектеп бітіруші сынып ата-аналарына жиналыс өтті
15
қараша
2024
Мектеп бітіруші сынып ата-аналарына жиналыс өтті
2024 жылғы 15 қараша  мектеп бітіруші сынып ата-аналарына жиналыс өтті.  Күн тәртібіне қойылған мәселелер: 1. І тоқсан қорытындысы; 2. ҰБТ-ға дайындық жұмысы; 3. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс  бойынша жүргізілетін шаралар ;  4. Құқықбұзушылықтың алдын алу.  5. Ата-аналар қолдау орталығы;  Жалпы жиналыста қойылған мәселелер талқыланды. Жиналыста заңды өкілдердің ҚР заңнамасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіру жүзеге асырылды. Жиналысты
“Көркем күйдірудің техникасы және тәсілдері” тақырыбында ашық сабақ
15
қараша
2024
“Көркем күйдірудің техникасы және тәсілдері” тақырыбында ашық сабақ
Ашық сабақ.  Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қуатбеков Бақдәулет Бақытұлы 7 “В” сыныбымен “Көркем күйдірудің техникасы және тәсілдері” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерешеліктерінің өз бетінше зерделеу және сипаттау.
“Отбасы-тәрбиенің ұясы” тақырыбында ата-аналармен трениг
14
қараша
2024
“Отбасы-тәрбиенің ұясы” тақырыбында ата-аналармен трениг
Мектеп психологы Дегенбаева Зура Анарюековна “Отбасы-тәрбиенің ұясы” тақырыбында ата-аналармен трениг өткізді. Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.  Тренинг сабақтың міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. 
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының қалалық кезең жеңімпазы
14
қараша
2024
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының қалалық кезең
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен  «Өрлеу» БАҰО» ұйымдастырған республикалық   «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының қалалық кезеңінде   “Цифрлық сауаттылық” бағыты бойынша  №149 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна жүлделі 1-орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Ұстазымызға сәттілік тілейміз!