Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар Саммиті
22
тамыз
2024
Ұстаздар Саммиті
Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа білім алып,халықаралық эксперттердің тәжірибесімен алмасу мақсатында 19-21.08 аралығында Алматы қаласында Ұстаздар Саммиті өтті. Саммитке мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна мен информатика пәнінің мұғалімі Сихымбаева Жанаргүл қатысты. Ұстаздар Саммитінде халыаралық эксперт мамандары Макото Йошида, Уильям Джексон, Эндрю Говард, Стефани Спайхер, Мэтью Фарбер,Раймо Сало, Венли Чен  өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Еңбек ардагері” медалімен марапатталды
16
тамыз
2024
“Еңбек ардагері” медалімен марапатталды
Бүгін 17-тамыз Педагогтардың қалалық тамыз саммитінде  Алматы қаласы Алатау ауданы 149 ЖББ мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, 45 жылдық еңбек өтілі бар 20 жылдай  осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, құрметті ұстазымыз Рысмендеева Гульнар “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. Гүлнар Курманбековнаға еңбегінің елене беруін және жемісі мен игілігін көре беруге тілектеспіз!
“Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен мараппаталды
16
тамыз
2024
“Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен мараппаталды
Ұстаз – ұлағатты есім! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру керек, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. Ұстазды ұмытпау да, ұлықтау да парыз. Бүгін, білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұстазымыздың бірі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Идирисова Майра Нурганатовна “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен мараппаталды.  Құттықтаймыз!
“Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг
02
мамыр
2024
“Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг
Жас мамандар апталығы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Есназар Таңсұлу Мәуленбекқызы “Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: ұстаздарға эссе жазудың алғашқы қадамдарын үйрету. Құрылымын түсіндіру. Схема құру және соған сүйене отырып эссе жазу.  Практикалық жұмыс. Бұл коучинг барысында мақсатта көрсетілген жұмыстардың барлығы жүргізілді. Эссенің карта-схемасын, құрылымын түсінгеннен кейін оқушылар сол схемаға сүйене отырып, аргументтік эссе
"ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен білім беру:заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбында қалалық ғылыми конференция - VІ Педагогикалық оқулар өтті
29
наурыз
2024
"ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен білім беру:заманауи педагогтің
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен білім беру:заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбында қалалық ғылыми конференция - VІ Педагогикалық оқулар өтті. Байқауға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна  "Тұлға қалыптастыруда "Домбыра" әдісі арқылы білім мен тәрбие беру" тақырыбында авторлық әдісін қорғап, жүлделі ІІІ орын иеленді.
«Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған  шеберлік-сынып өткізді.
18
наурыз
2024
«Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді
Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері “Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті” Филология институтының студенттерімен «Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған  шеберлік-сынып өткізді. Тәжірибелі ұстаздар Отенова Дильдаш Демеубекқызы мен Қалбергенова Эльмира Елтайқызы студент-практиканттарды ҚР  білім беру жүйесін реттейтін, анықтайтын оқу бағдарламасы,