Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы
19
наурыз
2022
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы 149 ЖББ мектепте жоғары деңгейде тойланып, 5-11 сынып оқушылары арасында Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен спорттық жарыстар өткізілді. Тоғызқұмалақ, арқан тартыс, бұқа тартыс, асық ату, гір тасын көтеру т.б сияқты спорт түрлерінен оқушылар өз бақтарын сынады. Жарыста жоғары дәреже көрсеткен оқушыларға I,II, III орын беріліп, ақшалай сыйлықтар таратылды. Спорттық жарыстан соң, Наурыз мейрамы 5 сынып оқушыларының
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" тақырыбында өткен байқауы
15
наурыз
2022
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп"
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" тақырыбында өткен байқауда № 149 ЖББ мектептің 1 "В" сынып оқушысы Мұхан Балайым "Шығармашыл оқырман" номинациясы бойынша марапатталды. Құтты болсын!  
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ  бірлесе отырып «Цифрлық мектеп моделін жобалаудағы басқарушылық технологиялар» тақырыбында республикалық практикалық семинар өтті.
04
наурыз
2022
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ бірлесе отырып «Цифрлық мектеп моделін жобалаудағы
Алатау ауданы №149 ЖББ   мектеп «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ  бірлесе отырып «Цифрлық мектеп моделін жобалаудағы басқарушылық технологиялар» тақырыбында республикалық практикалық семинар өтті.   «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы  Жақсым Орынбек Исаұлы, «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлтұлы «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану»
«Алатау аруы-2022» байқауы
04
наурыз
2022
«Алатау аруы-2022» байқауы
Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру мақсатында, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүрін насихаттау үшін «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай өтетін Алатау ауданының 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасындағы «Алатау аруы-2022» байқауында №149 ЖББ мектептің 9 сынып оқушысы Абдрахман Амина Асқарқызы жүлделі I орынды иеленді. Жеңісіміз- жемісті болсын!  
Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі, "Өрлек-EDUCATION" республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" атты республикалық байқау жеңімпаздары
03
наурыз
2022
Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі,
Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі, "Өрлек-EDUCATION" республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" атты республикалық байқауға қосқан зор үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін №149 жалпы білім беретін мектептің, 3 "Е" сынып жетекшісі Рысмендеева Гульнар Курманбековна, 2 "А" сынып жетекшісі, Балажанова Нұрипа Туякбаевна "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
"Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" атты республикалық байқауы
03
наурыз
2022
"Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" атты республикалық байқауы
Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі, "Өрлек-EDUCATION" республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" атты республикалық байқауға №149 жалпы білім беретін мектептің, 3 "И" сынып оқушысы Ыбрай Жангир қатысып, ақын өлеңін көркем оқу шеберлігімен танылғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Кабиденова Улбуби Бейсенкуловна.
Ағылшын тілі пәні онкүндігі өз мәресіне жетті. "A bright future in the hands of the youth" — "Жарқын болашақ жас ұрпақтың қолында"  деген тақырыпта ұйымдастырылған салтанатты жабылу кеші
01
наурыз
2022
Ағылшын тілі пәні онкүндігі өз мәресіне жетті. "A bright future in
Ағылшын тілі пәні онкүндігі өз мәресіне жетті. "A bright future in the hands of the youth" — "Жарқын болашақ жас ұрпақтың қолында"  деген тақырыпта ұйымдастырылған салтанатты жабылу кешінде балалар өз білімдерімен бірге өнерлерін де көрсетті.  Ұйымдастырушы ұстаздар: Ерманова Маргарита Тулегеновна, Таскынбаева Сания Айтмуханбетовна және Анарбаева Нурсулу Кожатаевна, Булекбаева Айкен Егисхановна.
«Шығармашылықтың алтын бесігі»
25
ақпан
2022
«Шығармашылықтың алтын бесігі»
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында №181 ЖББ,185 ЖББМ,201 мектеп-гимназиясында  5-6 сыныптар  арасында  "Мәдени мұра" ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыбында бейнежазба байқауы  өтті. Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлде №149 ЖББМ Амирханова Айсұлу , ие болды.
Жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері  Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетті
25
ақпан
2022
Жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері Google Meet
25 ақпан №149 ЖББ мектептің жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері  Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетіп, семинар одан әрі  жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мектептің «149_mektep» инстаграм парақшасында тікелей эфирде  онлай кездесумен жалғастырды. Кездесу Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың рухани көсемі» тақырыбында өтті. Кездесуге
9-11сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың  аудандық олимпиада жеңімпазы: 10 «Ә» сынып оқушысы Сатыбалды Мейрамбек 1- орын, пән мұғалімі Турежанова Алма Байтьяковна
24
ақпан
2022
9-11сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың
22.02.2022ж. 9-11сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың  аудандық кезеңіне  Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысқан №149 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары білім додасынан жүлделі орындарды жеңіп алды.  Олимпиада жеңімпазы: 10 «Ә» сынып оқушысы Сатыбалды Мейрамбек 1- орын, пән мұғалімі Турежанова Алма Байтьяковна.  Алма Байтьяковна, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін! Құттықтаймыз!