Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Өрт қауіпсіздігі”  туралы түсіндірме жұмыстары
19
қараша
2024
“Өрт қауіпсіздігі” туралы түсіндірме жұмыстары
19 қараша күні  білім алушыларға “Өрт қауіпсіздігі”  туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.
“Жарқыра жұлдыз” атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы
19
қараша
2024
“Жарқыра жұлдыз” атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер
“Жарқыра жұлдыз” атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушыларымыз 4 “Ә” сыныбы Ернатқызы Алтынай, Жарасбай Көркем  3 “А” сыныбы Жұмабек Шұғыла  5 “А” сыныбы Құралбай Қанатбай 6 “Ә” сыныбы Ильясқызы Айкөркем  8 “Б” сыныбы Шалабай Тәтті мен Шалабай Әдемі 10 “В” сыныбы Нұрланұлы Аян “Вокал” “Аспапта ойнау” сынды номинацияларымен марапатталды.  Жетекшісі: Кабанбаева Мархабат
“Мемлекеттік тіл - менің тілім”
18
қараша
2024
“Мемлекеттік тіл - менің тілім”
“Мемлекеттік тіл - менің тілім” іс-шарасы Мектебіміздің 2 “А” сынып жетекшісі А.Н.Сыдыкова мен 2 “З” сынып жетекшісі А.Асқарбектің ұйымдастыруымен “Тіл - ұлттың жаны” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.  Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөйлеуге, өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/919420943063834/
“ORTAG” спорт өнер орталығы ұйымдастырған “Дзюдо” күресі жеңімпазы
12
қараша
2024
“ORTAG” спорт өнер орталығы ұйымдастырған “Дзюдо” күресі жеңімпазы
Оқушы жетістігі “ORTAG” спорт өнер орталығы ұйымдастырған “Дзюдо” күресінен 52 келі салмақ дәрежесімен І ОРЫН иегері атанған 6 “Б” сынып оқушысы Нұрмұхаммед Айшаны құттықтаймыз! Шығар белесің мен алар асуың көп болсын деп тілейміз!
«Жасанды интеллект инновациялары» байқауының жеңімпазы
12
қараша
2024
«Жасанды интеллект инновациялары» байқауының жеңімпазы
Алматы сервис және технологиялар колледжінде Алматы қаласы мектеп оқушыларының арасында өткізілген қалалық «Жасанды интеллект инновациялары» байқауына қатысқан  9 «Ә» сынып оқушы Олжабай Сырым 3-орынды иеленді. Пәні мұғалімі  Курмангельдиева Райхан Батырбековна.
5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жеңімпаздары
11
қараша
2024
5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы Дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөніндегі орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен №149 ЖББ мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагира Утегеновна жіңімпаз оқушыларды құттықтап марапаттады. Олимпиада қорытындысы Ағылшын тілі пәнінен   5-сынып
“Balbulaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған V Республикалық “Абай оқулары” байқауы  жңімпазы
08
қараша
2024
“Balbulaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
“Balbulaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған V Республикалық “Абай оқулары” байқауына “Вокал” номнациясы бойынша қатысып, өз өнерімен дараланған ерекше талант иесі 5 “А” сынып оқушысы Амантай Аңсар “Бас Жүлде” иегері атанды.  Жетекшісі: Мухатаева Зульфира Ақанғалиқызы  Құттықтаймыз!
“Абай оқулары” конкурсының ІІ орын жүлдегері
08
қараша
2024
“Абай оқулары” конкурсының ІІ орын жүлдегері
Мектебіміздің 7 “Г” сынып оқушысы Жанахмет Ернұр Нұрғабылұлы “Самый лучший” журналының “Топжарған” айдарына шықты. Ернұр - сынып белсендісі мен мақтанышы. “Абай оқулары” конкурсының ІІ орын жүлдегері;  Дзюдо күресінен 5 КЮ сертификат иегері; “Адиат” спорт клубының ашық біріншілігінің І орын жеңімпазы; “Отан” спорт клубының ашық қалалық біріншілігінің ІІ орын; “Алан”, “Сақ” клубтарының ІІІ орын жүлдегері. Ернұр оқушымызға, білім нәрімен сусындап, асқар шыңдарды бағындырып, қонар тұғырың биіктей
ІІ тоқсан БЖБ мен ТЖБ кестесі
04
қараша
2024
ІІ тоқсан БЖБ мен ТЖБ кестесі
БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 2-11 сынып білім алушыларына тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.  Баллдар мен бағаларды қою бөлігінде педагогтер мыналарды ескереді: • ФБ үшін максималды балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 баллға дейін болуы керек (әр сабақта ФО үшін балл қою міндетті емес);  • БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15 балға дейін, 5-11(12) сыныптарда 7-ден 20 балға дейін;  • БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу тапсырмалары мен