Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Алматы көпсалалы колледжі" және "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі" колледждеріне барып, танысу экскурсиясына қатысты.
03
наурыз
2026

"Алматы көпсалалы колледжі" және "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі" колледждеріне барып, танысу экскурсиясына қатысты.

Кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес 9-сынып оқушылары "Алматы көпсалалы колледжі" және "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі" колледждеріне барып, танысу экскурсиясына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы толық мәлімет беру, заманауи мамандықтармен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар көрсету. Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, материалдық-техникалық база, өндірістік тәжірибе және қабылдау шарттары туралы ақпарат берді. Оқушылар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Аталған шара оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: