Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Асыл мұра” Халықаралық ән-би балалар мен жасөспірімдер өнер байқау жеңімпаздары
26
ақпан
2025
“Асыл мұра” Халықаралық ән-би балалар мен жасөспірімдер өнер байқау
“Асыл мұра” Халықаралық ән-би балалар мен жасөспірімдер өнер байқауында  “Вокал” жанры бойынша Бейсенбай Алдияр 5”а”сынып оқушысы 1-орын, Құралбай Қанатбай 5”д”сынып оқушысы 2-орын, Айдархан Алисұлтан 3”б”сынып оқушысы 2-орын жеңімпаз атанды.  Жетекшісі: музыка пән мұғалімі Мухатаева Зульфира Ақанғалиқызы
“Күш атасы - Қажымұқан. Ырықсыз етіс” тақырыбында ашық сабақ
25
ақпан
2025
“Күш атасы - Қажымұқан. Ырықсыз етіс” тақырыбында ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназар Тансулу Мәуленбекқызы 6 “Д” сыныбымен “Күш атасы - Қажымұқан. Ырықсыз етіс” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа 12 оқушы қатысты. Оқу мақсаты: Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, 6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу.
Қыздар жиналысы
24
ақпан
2025
Қыздар жиналысы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алпысова және мектеп психологы З.Дегенбаеваның қатысуымен “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарына түсіндірме жұмысы жүргізілді.  Лекцияны 14 қалалық емхананың акушер-гинекологы Рысбекова  Гулсім Мухиятдиновна және Тултебаева  Жумагул  Ажмухаговна өткізді. 
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
24
ақпан
2025
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы:  “Гендік инженерия әдістері.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем”. Мақсаты: Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу; Сабақтас құрмалас сөйлемдердің  мағыналық  түрлерін ажырата білу, түрлендіріп  қолдану. Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: “Түртіп алу” әдісі,” Плюс-минус-қызықты” әдісі Сабақ өз мақсатына жетті.
“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН -ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ“
19
ақпан
2025
“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН -ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ“
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында үзіліс кезіндегі ұлттық ойындар және қоңырау уақытын көңілді өткізу мақсатында ұйымдастырылды.  Ұлттық ойындар – әр халықтың мәдениеті мен дәстүрінің бір бөлігі болып табылады. Олар тек қана көңіл көтеру немесе денсаулықты сақтау үшін емес, сонымен бірге ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалған тәлім-тәрбие құралы болып есептеледі.  Ұлттық ойындар халықтың тұрмыс-тіршілігін, психологиясын, дүниетанымын, рухани құндылықтарын бейнелейді. Ұлттық ойындар ұлттың
Бангкок қаласында (Тайланд) Джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында 2-ші Азия чемпионатының жеңімпазы
17
ақпан
2025
Бангкок қаласында (Тайланд) Джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында
Бангкок қаласында (Тайланд) Джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында 2-ші Азия чемпионаты мен U14 жасөспірімдер арасында 1-ші Азия кубогына қатысқан мектебіміздің 8 “Ә” сынып оқушысы Айтқали Абылай І орын иегері атанды. Азияны бағындырған оқушымызға жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!  
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып окушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі
17
ақпан
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып окушыларына арналған
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып окушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде тарих секциясы бойынша ерекше жетістікке жеткені үшін 149 жылпы білім беретін мектептің 10- сынып оқушысы Ахметхан Кәусар Грамотамен марапатталды Жетекшісі: Сартаева Роза Талгатовна
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Шын жүректен кітап сыйла!” акциясы өтті
14
ақпан
2025
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Шын жүректен кітап
 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Шын жүректен кітап сыйла!” акциясы өтті. «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында ата-аналар, оқушылар және ұстаздар арасында “Отбасыммен бірге кітап оқиық!” челленджі де өтіп жатыр. Оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен қайырымдылық сезімде тәрбиелеу басты мақсат. [media=https://youtube.com/shorts/0W6n8dV2sfs?feature=share] 
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Әр өлеңі - бір әлем” атты ұстаздар арасында өткен аудандық байқауы
14
ақпан
2025
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Әр өлеңі -
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Әр өлеңі - бір әлем” атты ұстаздар арасында өткен аудандық байқауда бастауыш сынып мұғалімі Нурмаганбетова Фарида Оракбаевна алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!  https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1840756690078681/
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезең жеңімпазы
12
ақпан
2025
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы Дарын» орталығы  жас педагогтердің шығармашылық әлеуметтік арттыру, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне  қатысқан №149 ЖББ мектептің көркем еңбек пән мұғалімі Қуатбеков Бақдәулет Бақытұлы жүлделі 2-орынды иеленді.