Менің атам-Шубаев Қияқбай Шубайұлы
Менің атам-Шубаев Қияқбай Шубайұлы өмірі мен ерте қоштасты. Оған себеп кенеттен Ұлы Отан соғысының басталуы. 1941 жылы әскер қатарына алынды. Кезекті бір ұрыста жарылған снаряд жарықшағынан жарақат алды. Беті талқандалып, мұрны мен аузы талқандалды. Білікті дәрігердің күшімен беті ретке келді. 1945 жылы ауылға оралды. Атамның ұрыс даласындағы ерлігінің куәсі болған III дәрежелі “Даңқ”, І дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” ордендері, 20-ға жуық мерекелі медалі бүгінде әулетіміздің бойтұмарына айналды.