Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық бірыңғай тестілеуге  енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды жиналыс өтілді
24
қазан
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін
Алатау ауданы  №149 жалпы білім беретін мектепте  Ұлттық бірыңғай тестілеуге  енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды жиналыс өтілді. Жиналыста ата- аналарға кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар тарапынан қойылған  көп сұрақтарға   нақты жауап берілді.
“Біртұтас ел-біртұтас жер” тақырыбында кездесу
11
қыркүйек
2025
“Біртұтас ел-біртұтас жер” тақырыбында кездесу
Мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен “Біртұтас ел-біртұтас жер” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласы Алатау ауданы “Қорғаныс істер жөндегі басқармасының Тәрбие және идеология істер” жөніндегі орынбасары Узехан Еркежан Қайратқызы “Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының” тәрбие жөніндегі орынбасары Акбердиев Жәнібек “Намыс” қоғамдық бірлестігінің ардагері Ханаев Абубакир қатысты.
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
14
мамыр
2025
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
2025 жылы 12-16 мамыр аралығында елімізде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өз жұмысын бастады.  Бұл іс-шараның мақсаты: қыздардың гигиеналық және рухани мәдениетін тәрбиелеу, репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды үйрету туралы әңгімелесу қажеттілігі болды.   №14 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Г.Рысбековамен маңызды
“Қазақ қызы - ұлттық болмыстың айнасы” қыз сыны байқауы
07
наурыз
2025
“Қазақ қызы - ұлттық болмыстың айнасы” қыз сыны байқауы
№ Оқушылар үйінде “Қазақ қызы - ұлттық болмыстың айнасы” қыз сыны байқауы өтті.  Мақсаты: Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға құрметін арттыру. Қатысушылардың мәдени және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Қыз балалардың шығармашылық және өнерпаздық қабілеттерін жетілдіру.  Мектебімізден 7 “Д” сынып оқушысы Муинбай Алуа қатысып “Ең салтанатты ару” номинациясына ие болды.  Жетекшісі: Ерболатова Аида Құттықтаймыз! 
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау іс-шаралары
05
наурыз
2025
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау іс-шараларын Қазақстан Республикасында «Азаматтық қорғаныс - халық қауіпсіздігінің, кепілі» ұранымен өткізу жоспарына сәйкес мектеп оқушылары Алматы қаласы, Алатау ауданында орналасқан Nº19 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, мамандардан ақыл-кеңес алып, өрт сөндіру бөліміндегі құрылғыларды төтенше жағдай орын  алғанда, қолданудың, алғышарттарымен танысып, сабақ, алды. Бұл іс-шара оқушылар үшін әсерлі болды.
Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл.
04
наурыз
2025
Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Г.Курманбаеның ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, қазақтың биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойына орай «Абай - ұрпақ жүрегінде» атты әдеби поэзиялық кеш болып өтті. Ұлы ақын қара сөздері мен өлеңдері тек қазақ халқына емес, күллі адамзат баласына қай істе де жөн сілтеп,бағыт-бағдар беріп тұрады.  Дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу әр қазақ баласының борышы. Әдеби кешке 3 “Ғ” сынып оқушылары Ұлы
Қыздар жиналысы
24
ақпан
2025
Қыздар жиналысы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алпысова және мектеп психологы З.Дегенбаеваның қатысуымен “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарына түсіндірме жұмысы жүргізілді.  Лекцияны 14 қалалық емхананың акушер-гинекологы Рысбекова  Гулсім Мухиятдиновна және Тултебаева  Жумагул  Ажмухаговна өткізді. 
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
24
ақпан
2025
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.С.Белибаева 9 “Ғ” сыныбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы:  “Гендік инженерия әдістері.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем”. Мақсаты: Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу; Сабақтас құрмалас сөйлемдердің  мағыналық  түрлерін ажырата білу, түрлендіріп  қолдану. Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: “Түртіп алу” әдісі,” Плюс-минус-қызықты” әдісі Сабақ өз мақсатына жетті.
“Бұрымды қыз” челленджі
23
қаңтар
2025
“Бұрымды қыз” челленджі
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында  Халқымыздың даналығы мен терең саналылығын  бойына сіңірген, қыздарына тән инабаттылық, нәзіктік, биязылық сияқты қасиеттерін дәріптеу мақсатында 5-6-7 сынып оқушы қыздар арасында  «Бұрымды қыз» челленджіне қатысқан сыныптар мен ерекше бұрымды қыздар марапатталды.  Шараға оқушыларымыз бір ай көлемінде шашын өріп, ұлттық киім мен әшекей бұйымдарын жарастыра тағып, белсене қатысты. ​https://web.facebook.com/100014471329338/videos/1332739918141652/​​​
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 49 Вперед