“Қош бол, құтты Әліппем!”
1 “Ә” сыныбымен “Қош бол, құтты Әліппем!” атты тақырыпта ертеңгілік өткізді. Оқушылар Әліппеден алған білімдерін көрсете отырып, жаттаған өлеңдерін, мақал-мәтелдерін айтты. Қонаққа келген “Әліппе” мен “Ана тілінің” алып келген тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ хор айтып, әр елдің ұлттық билерін билеп, ән салды. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар өнер көрсеткен оқушыларға қол соғып, қошемет көрсетіп, алғаш сахнаға шығуларымен құттықтады. Аталмыш мектепті басқарып отырған Шырын Зейнуллақызы.