Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
18
қазан
2021
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
18.10.21ж. №149 ЖББ мектепте дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында 4 пән бойынша  математика мен тілдер (қазақ т., орыс т., ағылшын т.,) бойынша білім және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар арасында мектепішілік лингвистикалық олимпиада өткізілді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жақсы көрсеткіш көрсетіп,  жоғары ұпай жинаған 11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана аудандық олимпиадаға жолдама алды. Айданаға тек сәттілік тілейміз!  
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу.
16
қазан
2021
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу.
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу. Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте "Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн –кездесу 16.10.2021 жылы ұйымдастырылды. Жиналыс мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы мен қалалық білім беру сапасын бағалау бөлімінің жетекшісі Кусаинова Раушан Талгатовнаның қатысумен жүргізілді. Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, санитарлық талаптар мен тағы да басқа мәселелері қаралды. Мақсаты:  оқыту жағдайында балалар мен
"Мейірімділік пен жақсылық! " тақырыбында сынып сағаты өтілді.
12
қазан
2021
"Мейірімділік пен жақсылық! " тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте Қарттар айлығы аясында 9 "Ғ" сынып жетекшісі Нурбаева Айман Алтынбекқызы "Мейірімділік пен жақсылық! " тақырыбында сынып сағатын өтті.  Мақсаты: Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет»
12
қазан
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» . 2021 жылы 09 қазан күні, сағат 12.00-де ZOOM платформасымен Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында мектептің ұжымымен жиналыс өткізілді.   Жиналысымыздың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға бағытталған. Осы бағытта мектеп директоры: Шырынкул Зейнуллақызы сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп өркендеп,
"Ұстазыма мың алғыс!" мектепішілік сурет салу байқауы
11
қазан
2021
"Ұстазыма мың алғыс!" мектепішілік сурет салу байқауы
Алатау ауданы, №149 ЖББ мектепте 5-9 сыныптар аралығында Жасөспірімнің өз шығармашылығын дамыту мақсатында «Ұстазыма мың алғыс!» тақырыбында мектепішілік сурет салу байқауы өткізілді.  Байқауда ең үздік сурет салған 9 «Г» сынып оқушысы Қыстаубаев Атланттың қаламынан туған суреті ең үздік болып I орынды иеленді.  Мақсаты; оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
"Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді
09
қазан
2021
"Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді
Алатау ауданы, №149 ЖББ Мектепте 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Директорлық сенбілік - ата-ана үні" атты жиналыс өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: "Кәмілеттік жасқа толмаған балалардың құқық бұзушылығынның алдын алу". Жиналысқа мектеп директоры; Шырынкүл Зейнуллақызы, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Индира Мейрамбекқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлпан Дәулетқызы, мектеп инспекторы және ата- аналар қатысты. Жиналыстың мақсаты: Ата-ана мен мектептің
Желтоқсан қаhармандарымен кездесу
08
қазан
2021
Желтоқсан қаhармандарымен кездесу
Алатау ауданы, "Алматы жастары" ұйымының ұйымдастыруымен желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Таңатар Дулат пен Президент орынбасары Дәулетхан Бекзат барып, 1986 жылы атойлап алаңға шыққан Желтоқсан қаһармандарымен тілдесіп қайтты.  Мақсаты; желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын көңіліне ұялату, патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып табылады. Кездесу барысында, 1986 жылы 17-18 желтоқсан
«Ең үздік репортаж» республикалық байқауы
07
қазан
2021
«Ең үздік репортаж» республикалық байқауы
Алатау ауданы № 149 ЖББМ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында «Ең үздік репортаж» республикалық байқауы өткізілді. Мақсаты: білім беру ұйымдарының қызметінде өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру, дарынды жастарды қолдау.
Ұстаздар күніне арналған марапаттар
05
қазан
2021
Ұстаздар күніне арналған марапаттар
Ұстаздар күніне арналған марапаттар Алматы қаласы, Алатау ауданы 149 ЖББ мектептің Бастауыш сынып мұғалімі А.Н. Сыдыкова кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға белсенді үлес қосқаны үшін «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы С.К. Байгуттиновтың «Құрмет» грамотасымен марапатталды. К. Қ. Егізбаева  мен Г. Қ. Рысмендиева Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында Партиялық бастамаларды табысты жүзеге асыруда жоғары жауапкершілік көрсеткеніңіз үшін «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының
"Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесі
05
қазан
2021
"Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесі
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектепте 05 қазан күні "Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесі мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызының бастамасымен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сағира Утегеновнаның ұйымдастыруымен өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау және ең бастысы тәжірибе алмасу.