Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы технология және флористика колледжі және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі
04
наурыз
2026

Алматы технология және флористика колледжі және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес қаладағы бірқатар колледждерге экскурсия жасады. Атап айтқанда, оқушылар Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі, Алматы технология және флористика колледжі және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі оқу орындарында болды.
Мақсаты:
Оқушыларға аталған колледждерде даярланатын мамандықтар туралы толық ақпарат беру, олардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындауына көмектесу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру.
Экскурсия барысында білім алушылар оқу кабинеттерімен, зертханалармен, өндірістік шеберханалармен танысып, колледж мамандарынан қабылдау ережелері мен оқу ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық және тәжірибелік жұмыстарын көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: