Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақтың тақырыбы «Теріс рационал сандарды қосу
19
қазан
2023
Ашық сабақтың тақырыбы «Теріс рационал сандарды қосу
16 -27 қазан аралығы математика информатика физика апталығы.     “6 Е” сыныбында Әбілқасым Гүлзада Мақсатқызы ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы «Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу». Сабақтың мақсаты: Түрлі заманауи  интернет ресурстары арқылы оқушыларды математикаға қызықтыру. Қолданылған платформалар:   LearningApps, Joyteka, Wordwall, Baamboоzle, classdojo.
“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.
18
қазан
2023
“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта
Бастауыш сынып мұғалімі Джумадуллаева Ақжарқын  4 “в”сынып ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.            Мақсаты: Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау. Әр ата-ана өз баласын тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру,ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.  Тренингті Ақжарқын Құрбанәліқызы ата-аналармен көңілді
“Тарихқа құрмет” жобасында ашық сынып сағаты
17
қазан
2023
“Тарихқа құрмет” жобасында ашық сынып сағаты
         Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше рөл атқарған, ұлы тарихи тұлғалардың бірі - Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл. Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттері көп. Соның негізгілері - ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, турасыз биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен
"Абайдың қара сөздері" аудандық байқау жеңімпазы
16
қазан
2023
"Абайдың қара сөздері" аудандық байқау жеңімпазы
   "Қара сөздер" немесе "Сөз кітабы" – қазақ ақыны, ағартушы Абайдың іргелі туындысы. Бұл прозалық поэма 45 қысқа астарлы әңгімелерден және философиялық трактаттардан тұрады. Аталған шығармада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, Қазақ тарихының мәселелері көтеріледі. Мақсаты:  Жас ұрпақтың  жан-жақты дамыған жеке тұлғалардың қасиеттерін  дамытуға ықпал ету әлеуетін жандандыру. Жас ұрпақтың эмоционалды дамуын және  қоршаған ортаны шығармашылық тұрғыда қабылдауын қалыптастыру.
"Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауы
12
қазан
2023
"Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауы
"Патриоттық рух - басты құндылық" жобасы аясында оқушылар арасында Желтоқсан қаһармандарына арналған "Тәуелсіз елдің ұрпағы" атты ауданаралық шығармашылық байқауға  Мәнерлеп оқудан 8 "В" сынып оқушысы Амирханова Айсұлу І ОРЫН алып, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Ниязбекова Қ.К. Ән айту номинациясы бойынша жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі:  Мухатаева З. Алғыс хатпен марапатталды.  Құттықтаймыз!
АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ
09
қазан
2023
АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ
  Алаштың ақиық ақыны Мағжан ұстазға осылай баға беріпті. Білім мен тәрбие құсқа қос қанат қалай керек болса, адамға да солай керек. Оны беретін кім? Әрине, ұстаз. Мұғалім. Ал, нағыз мұғалім болу үшін ерен еңбек, маңдай тер керек. 18 жылдан аса саналы ғұмырын  ұстаздық жолға арнаған, Алматы қаласы №149 ЖББ орта мектептің информатика  пәнінің  мұғалімі, мектеп директорының оқу  ісі  жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші  Жақсыбекова Нұрзия Таңатарқызы.   Алғашқы еңбек жолын Жамбыл  облысы
Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Гульмария Нургалиевна марапатталды
09
қазан
2023
Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медальімен бастауыш сынып
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.     Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да,
Жалпы ата-аналар жиналысы
09
қазан
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
09.10. 2023 жыл жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.  "Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы" қызметі негізінде "Даналық мектебі" құрылды.